Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі «М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Білім күніне арналған салтанатты жиын анықтамасы
2023-2024 оқу жылы, қыркүйек айының 1-жұлдызында мектебімізде жаңа оқу жылының басталуына арналған «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға мектеп әкімшілігі, 1-11 сынып оқушылары, сынып жетекшілер және ата-аналар қатысты. Жиын мемлекеттік туды енгізу мен әнұран орындаудан басталды. 11 сынып оқушыларының жетекшілігімен ортаға 1 сынып оқушылары шақырылып, мектеп директоры Кусекбаева Гүлмира Ержанқызына құттықтау сөзі берілді. 1 сынып оқушысы Исламұлы Ерсіннің әжесі Ильясова Нұргүл ата-аналардың атынан құттықтау сөзін айтты. Салтанатты жиында 1 сынып оқушыларына сөз беріліп, өлең жолдарын оқыды, сондай-ақ 1 «А» сынып оқушысы Дүйсенбек Айарудың орындауында «Кел балалар оқылық!» әні орындалды. 11 сынып оқушыларының құттықтауы ретінде 11 «А» сынып оқушысы Кульбаева Тоғжан ән орындады. Жиынның басты салтанатты сәті алғашқы қоңырауды соғу мәртебесі 1 «А» сынып оқушысы Мәулетбай Альмир мен 11 «А» сынып оқушысы Кульбаева Тоғжанға және 1 «Б» сынып оқушысы Сатыбалдиева Даяна мен 11 «В» сынып оқушысы Жаналиев Андрейге берілді. Алғашқы қоңырау соғылған соң, мемлекеттік ту шығарылып, оқушылар мен сынып жетекшілерін сынып сағаттарын өтуге жіберілді. Салтанатты жиын өз деңгейінде өтті.