Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі «М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі » «М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі»
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің "М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 2-83-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі «М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
29
январь
2025

Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі «М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2026 жылғы «29» қаңтар күні мектебіміздің 5-7 сыныптың ұл балалар арасында «Шылым шегудің зияндылығы және оның алдын алу. Электрондық шылымның (вейптің) зияндылығы» тақырыбында арнайы мамандардың қатысуымен профилактикалық жиналыс өткізілді.
      Аталған жиналыстың негізгі мақсаты – оқушылар арасында темекі өнімдерін, оның ішінде электрондық шылымдарды қолданудың алдын алу, жасөспірімдердің денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және зиянды әдеттерден сақтандыру.
      Жиналысқа мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Сыдықбекова Қ.Ю, педагог ұйымдастырушы: Темирбек М.Қ, мектептің медициналық қызметкері және шақырылған арнайы мамандар валиолог:Ақылбекова Айжан, медбике: Сарсебаева Ақбота қатысты. Шара барысында мамандар шылым шегудің адам ағзасына тигізетін кері әсері туралы жан-жақты ақпарат беріп және арнайы видеороликтер  көрсетті. Атап айтқанда, темекінің тыныс алу жүйесіне, жүрек-қан тамырлар жүйесіне, жүйке жүйесіне тигізетін зияны, иммунитеттің төмендеуі, түрлі созылмалы аурулардың пайда болу қаупі жөнінде түсіндірілді.
        Сонымен қатар соңғы жылдары жасөспірімдер арасында кең таралып келе жатқан электрондық шылымдардың (вейп, IQOS және т.б.) қауіпсіз екендігі туралы қате пікірлерге тоқталып, олардың құрамындағы никотин мен химиялық қоспалардың адам денсаулығына аса қауіпті екені ғылыми деректер мен нақты мысалдар арқылы дәлелденді. Электрондық шылымдардың тәуелділікке әкелетіні, ми қызметіне, есте сақтау қабілетіне, оқу үлгеріміне кері әсер ететіні айтылды.
         Жиналыс барысында зиянды әдеттердің алдын алу жолдары, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы, спортпен айналысу, дұрыс тамақтану, бос уақытты тиімді ұйымдастыру мәселелері кеңінен қозғалды. Оқушыларға құқықтық жауапкершілік, кәмелетке толмағандардың темекі өнімдерін қолдануы мен таратуына байланысты заң талаптары туралы да мәлімет берілді.
         Шара соңында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Мамандар тарапынан нақты, түсінікті жауаптар беріліп, тәрбиелік бағыттағы кеңестер ұсынылды.
Өткізілген жиналыс оқушылардың зиянды әдеттерге деген көзқарасын қалыптастыруға, денсаулықты сақтау мәдениетін дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға оң ықпал етті