Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі «М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ұлы дала қырандары» ерікті мектеп дебат клубының отырысы болып өтті » «М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі»
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің "М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 2-83-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі «М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ұлы дала қырандары» ерікті мектеп дебат клубының отырысы болып өтті
20
сентябрь
2025

Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі «М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ұлы дала қырандары» ерікті мектеп дебат клубының отырысы болып өтті

Күн тәртібінде:

  1. «Ұлы дала қырандары» мектеп дебат клубын құру;
  2. Ерікті «Ұлы дала қырандары» мектеп дебат клубының жұмыс жоспарын бекіттіру;
  3. «Ұлы дала қырандары» мектеп дебат клубының жетекшілерін  сайлау;
  4. «Ұлы дала қырандары» мектеп дебат клубының қатарына өз еркімен кіруге ниет білдірген үміткерлерді қарастыру.


Тыңдалды.

Дебат клубы – оқушылардың сыни ойлау қабілетін, шешендік өнерін, логикалық талдау дағдысын және топпен жұмыс істеу мәдениетін дамытуға бағытталған мектептегі үйірме. Клуб жұмысы барысында оқушылар әртүрлі тақырыптарды зерттеп, өз пікірін дәлелді түрде жеткізуге, қарсы тараптың уәжіне жауап беруге және мәдениетті пікірталас жүргізуге үйренеді. Дебат клубы оқушылардың көшбасшылық, коммуникациялық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. «Ұлы дала қырандары» ұйымының алғашқы отырысы қыркүйек айында өтті.

       Бірінші мәселе бойынша педагог ұйымдастырушы  Темирбек М.Қ. «Ұлы дала қырандары» ұйымының жұмысы туралы мақсаттары, міндеттерімен, ережесімен және 2025-2026 оқу жылы бойынша жылдық жоспары таныстырылып ұсынылды.

       Екінші мәселе  бойынша педагог ұйымдастырушы сөз алып, Ерікті «Ұлы дала қырандары» мектеп дебат клубының жұмыс жоспарын бекіттірді.

       Үшінші мәселеде дебат клубының құрылуы:Құрылу кезеңінде клубтың ережелері жасалып, бағыттары анықталды, жетекші тағайындалды және тұрақты кездесулер жоспары белгіленді. Дебат клубы бүгінгі таңда мектептегі белсенді шығармашылық орталықтардың біріне айналып отыр. Ұйым мүшелерін бекіту туралы айтты.  Ұйым төрайымдары болып: қазақ сыныптарынан дебат клубының жетекшісі С.О. Есжанова және орыс сыныбының жетекшісі А.С.Кенбаева  бекітілді.

       Төртінші мәселеде «Ұлы дала қырандары» мектеп дебат клубының қатарына өз еркімен кіруге ниет білдірген үміткерлер Әли Айбек, Дүйсенбек Дәулет,  Жолжақсын Жорабек,  Жақсылық Аяжан,  Көптілеу Ақбота, Сайрамбекқызы Дәмелі, Тұрсынғалиұлы Дамир 9-10 сынып оқушыларын бекітуге ұсынылды. Мектептегі дебат клубы оқушылардың сыни ойлауын, шешендік өнерін және көшбасшылық қабілеттерін дамыту мақсатында құрылды. Клуб өз жұмысын оқушылардың қызығушылығына негізделе отырып бастады. Алғашқы мүшелері дебат мәдениетін қалыптастыруды, мектеп ішінде пікірталас форматтарын дамытуды және жарыстарға қатысуды мақсат етті. 


 Қаулы қабылданды:

1.  Ерікті «Ұлы дала қырандары» мектеп дебат клубының жұмыс жоспары

бекітілсін.

2. «Ұлы дала қырандары» мектеп дебат клубының ұйымының ұйым басшысы мен  мүшелерін бекіту