5 орта мектеп Таза Қазақстан акциясы аясында » «М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі»
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің "М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 2-83-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
апрель
2026

5 орта мектеп Таза Қазақстан акциясы аясында

«Таза табиғат – таза өмірдің бастауы» ұранын негізге ала отырып, мектебіміздің 9-сынып оқушылары қоршаған ортаны қорғау мен тазалықты сақтау мақсатында акцияға белсене қатысты. Бұл шара – тек сенбілік емес, әрбір оқушының табиғатқа деген жанашырлығын, жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Акция барысында оқушылар мектеп ауласын толықтай тазалап, арам шөптерді жұлып, аумақты сыпырып, ағаштардың түптерін ретке келтірді. Әрбір атқарылған жұмыс – туған жерге деген құрметтің, тазалыққа деген мәдениеттің айқын көрінісі.