Талғар ауданының полиция қызметкерімен кездесу туралы
Бүгін, 2025 жылғы 4 қыркүйек күні, Талғар аудандық полиция қызметі бөлімі ЮПТ учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Суимбаев Нұржан Нұрбекұлы мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты — жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және құқықтық сауаттылығын арттыру болды.
Кездесу барысында көтерілген негізгі тақырыптар:
Құқық бұзушылықтың алдын алу: Нұржан Нұрбекұлы жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлеріне тоқталып, олардың салдары туралы түсіндірді.
Киберқауіпсіздік: Интернет желісіндегі қауіптер, әлеуметтік желілердегі алаяқтық пен кибербуллинг мәселелері талқыланды.
Жол жүру ережелері: Оқушыларға жолдағы қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығы мен қарапайым ережелері еске салынды.
Кездесу өзара сұрақ-жауап форматында өтіп, оқушылар тарапынан белсенділік танытылды. Нұржан Нұрбекұлы оқушылардың барлық сұрақтарына толыққанды жауап беріп, осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.
Бұл кездесу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыруға зор ықпал етті. Талғар қаласының полиция басқармасы жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында мектеп оқушыларына арнап жедел іс-шаралар өткізді. Іс-шара «Осторожно, дети!» және «Наркотики» тақырыптарына арналды.