«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы»жобасы аясында қаңтар айында ата-аналармен жұмыстар жүргізілді » «М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі»
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің "М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 2-83-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы»жобасы аясында қаңтар айында ата-аналармен жұмыстар жүргізілді
05
март
2024

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы»жобасы аясында қаңтар айында ата-аналармен жұмыстар жүргізілді

Қаңтар айында ұлттық құндылығымызды дәріптеу мақсатында 4-сынып жетекшісі Қосаева А.С ата-аналарымен  жиын өткізді.Сыныпқа келген ата-аналарды сынып жетекшісі ұшаққа отырғызу талоны арқылы орындарын белгіледі.Жиналған ата-аналарға «Құндылықтарға толы сусын»ұсынылды.Ата-аналар біріге отырып,түрлі құндылықтарды анықтады.Түрлі құндылықтарды бойына жинаған жолаушыларды ары қарай «Қажеттіліктер аралына алып келді».Бұл аралда ата-аналар кеспе қағаздар арқылы  топтарға бөлініп ,берілген тапсырмаларды орындады.Мақсаты ата-аналардың бірігіп жұмыс жасауы,жақынырақ танысуы. Ата –аналарға білімдерін,жетістіктерін тәртіптері туралы айтылды.Ата-аналар өз ойларын «Ұшып келеген хат»кері байланыс арқалы білдірді.Балалардың білім сапасын арттыруда ата-ана мұғалімдермен тығыз байланыста болуын назарда ұстау керектігі айтылды.





Ата-аналар қолдау орталығында 6 а сыныпта «Баланың бас ұстазы ата-ана»атты дөңгелек үстел өткізілді .Бала тәрбиесіне байланысты өзекті мәселелер талқыланып, сұрақтар қойылды.Ата- аналарға ситуациялық жағдаяттар беріліп,  қыз бала және ұл балалардың тәрбиесі жайында сұрақтар талқыланды.Ата –аналар өз   балаларының жүрегіне жол табу керектігін, отбасындағы қарым –қатынасты дұрыс жүргізу керектігі жайлы ой бөлісті.Бұл жердегі басты мақсат ата-ананың бала тәрбиелеудегі міндеті-қателіктері,кемшіліктері,ауытқуларды түзету емес,жасөспірімге оң әсер ету болды.Дөңгелек үстел тартысты өтті.Соңында ата –аналар балаларының жазған хаттарын оқып ,балаларына қаншалықты керек екенін біліп жақсы эмоция қалыптастырды.Дөңгелек үстел жақсы деңгейде өтті

           Мектебімізде «Досболайық»қайырымдылқ акциясы өтті.5-11арасында оқушылар «baursak pati»көңілді жоба өткізілді.Мектебіміздің  оқушылары   жақсы тілектер айтып бір –біріне бауырсақтар таратты .Бұл акция ата-аналар арасында да жалғасын тапты .Бұл жобаның басты мақсаты ұлттық құндылығымызды дәріптеу ,бір-біріне тілек айтып жылылылық силау болды .Соңында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы  мүшелері зор ризашылықтарын білдіріп қайтты.                      

ДТІЖО                         Баянбаева Д.А
                                            Адилбекова Ғ.С