Алматы облысы Талғар ауданы бойынша Білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «М.Әуезов №5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Азаматтық қорғаныс талаптарын орындау» мақсатында өткізілген сейсмикалық жаттығу жүргізілді » «М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі»
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің "М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 2-83-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы облысы Талғар ауданы бойынша Білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «М.Әуезов №5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Азаматтық қорғаныс талаптарын орындау» мақсатында өткізілген сейсмикалық жаттығу жүргізілді
05
март
2024

Алматы облысы Талғар ауданы бойынша Білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «М.Әуезов №5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Азаматтық қорғаныс талаптарын орындау» мақсатында өткізілген сейсмикалық жаттығу жүргізілді

Мектебімізде Алматы облысының білім басқармасы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 2024 жылғы 16 ақпандағы №21-13-4-5/225-И хатына және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында оның ірі көлемді сейсмикалық жаттығуын (эвакуация кезіндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар, дабыл чемоданын жинақтау және т.б.), мектебіміздегі сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша 23 ақпан күні  түске дейінгі ауысымдар сағат 12:00-де, түстен кейінгі ауысым сағат 15:00-де сейсмикалық жаттығу кезінде дабыл жүйесін қолдану арқылы азаматтық қорғаныс талаптарына сай ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. 


Мақсаты: Мектеп білім алушыларының жер сілкінісі кезінде  ережелерді білу және апатты жағдай кезінде қауіпсіздік шараларын дұрыс сақтау.


Мектеп білім алушыларына  жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және сақтау тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Жер сілкінісі қашан болатыны белгісіз ,сондықтан үнемі дайындық үстінде болу керек.Үйде жұмыс орнында мектепте көшеде қауіпсіз орындарды бағдарлау. Түсіндірме жұмысына барлық 1-11 сынып оқушылары толық қатысты. Түсіндірме жұмысын мектебіміздің АӘД пәні мұғалімі Байсақов Н және директордың тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары Баянбаева Д, ПҰ  Құдайберген Б. Оқушыларға жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары және апатты жағдайда мектептің қорғаныс аймақтары белгіленген жерлерге тұру, есіктерден шығу, қорғану көрсетілді. Оқу жаттығуға мұғалімдер, шаруашылық қызметкерлер мен оқушылар қатысты. Оқу жаттығу кезінде іште адам қалмады. 

         Оқушыларға Жер сілкінісі кезіндегі  ақпараттар толық таныстырылып өтті.

         Жер сілкінісі кезіндегі процестер нәтижесінде пайда болатын немесе адамның агрессивті әрекеті нәтижесінде пайда болатын жер бетіндегі тербелістер жер сілкінісі деп аталады. Жер асты дүмпулері әрең сезілуі мүмкін және қатты қираулар, өрттер, жарылыстар, тектоникалық жарылыстар коммуналдық жүйелерді істен шығарып, адамдардың өліміне әкелуі мүмкін.



Жер сілкінісі кезіндегі әрекеттер

Келесі соққылардың алдында ғимараттан шығыңыз

Сейсмикалық қауіпті аудандарда тұрып, тұрғындар жер сілкінісінің басталуын жер сілкінісінің баллдылығымен өлшенетін алғашқы әлсіз соққыларда сезіне алады. Бұл өте маңызды, өйткені ол жақсы дайындалуға және үлкен трагедияларды болдырмауға мүмкіндік береді.


Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және сақтау жұмысы туралы білім алушыларға толық ақпарат берілді және түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстары бойынша мектептің әлеуметтік желісіне жарияланды.