Көрісу күні – қазақ халқының көне дәстүрлі мерекелерінің бірі. Ол жыл сайын 14 наурыз күні атап өтіледі. Бұл күнді халық «Амал мерекесі» деп те атайды🌸
Көрісу күні адамдар бір-бірімен арнайы көрісіп, қол алысып немесе құшақтасып: «Бір жасыңмен!», «Жасың құтты болсын!» деп жақсы тілектер айтады. Адамдар туыстарын, көршілерін, үлкен кісілерді аралап, амандық-саулық сұрасады🩷
2026 жылғы 13 наурыз күні мектепте ұлттық дәстүрімізді дәріптеу мақсатында Көрісу күніне арналған тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар мен мұғалімдер бір-бірімен көрісіп, ізгі тілектер айтып, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы мәліметтер берілді.
Аталған іс-шара ұлттық құндылықтарды насихаттап, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу мақсатында өткізілді.🌷