Халықаралық әйелдер күні » «М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі»
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің "М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 2-83-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
март
2026

Халықаралық әйелдер күні

Құрметті ұстаздар, аналар және қыз-келіншектер! Сіздерді Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!🩷

2026 жылдың 6 наурыз күні мектебімізде Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Мерекелік бағдарлама барысында оқушылар мен мұғалімдер мектептің қыз-келіншектері мен аналарын құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Іс-шарада оқушылар өлең айтып, ән шырқап, би билеп, түрлі көріністер көрсетті. Сонымен қатар мектеп ұжымы ұстаздар мен қызметкерлерге алғыс айтып, гүл шоқтарын табыстады. Мереке өте көңілді, әсерлі түрде өтіп, барша қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады.🌺

Осы мерекелік шара арқылы оқушылар әйелдерге деген құрмет пен сыйластықтың маңызын түсінді. Мектебімізде өткізілген бұл іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ұжым мен оқушылардың бірлігін көрсетті.💐💐💐

https://www.instagram.com/reel/DVkkNCaDAQ8/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==